Жаңалықтар 13.06.2022 сағат 23:27

Астанада қатты желден кран құлады

Мәлім болғандай, құлаған кран қолданылмай, қаңтарылып тұрған.
Астанада қатты желден кран құлады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елордада қатты жел салдарынан мұнара краны құлады, деп хабарлайды skifnews.kz сайты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

 "Бүгін Сығанақ және Тұран көшелерінің қиылысында мұнара краны құлады. Алдын ала мәлімет бойынша кран қатты желден құлап кеткен. Қазір төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнына ҚР ТЖМ өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері шықты", - делінген комитет таратқан хабарламада.

Аталған ведомствоның ақпаратына сай зардап шеккендер жоқ. Мәлім болғандай, құлаған кран қолданылмай, қаңтарылып тұрған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар