$ 446.49  475.38  4.79

«Қолдаса мені Президентім, Парламентке тағайындап!»: Балтабек ақын Тоқаевқа арнап тағы бір өлең жазды

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына мақтау мен мадақтаулар жаудырған ақын Балтабек Нұрғалиев осы жолы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап жаңа өлең шумақтарын жазыпты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына мақтау мен мадақтаулар жаудырған ақын Балтабек Нұрғалиев осы жолы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап жаңа өлең шумақтарын жазыпты.

«Айтпайық ешқашанда қыңыр пайым,

Айтайық әрқашанда сұлу пайым.

Кемеңгер Қасым-Жомарт Кемелұлы,

Бастаған Ұлытаудың құрылтайын!

Дәл келді құрылтаймен күнім туған,

Осы күн өмірімде ұмытылман.

Мен айтсам туған күнгі арманымды,

Орындар Президентім Ұлы Тұлғам!

Халықтың тілегінен табайын бақ,

Биліктің қақ төріне барайын нақ.

Қолдаса мына мені Президентім,

Депутат Парламентке тағайындап!

Мен Жаңа Қазақстанға сәлем дедім,

Халқыма адалдықты дәлелдедім.

Бұл Жаңа Қазақстанның орнауына,

Менің де мол үлесім, бар еңбегім!» делінген ақынның жаңа өлеңінде.

Дереккөз: orda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары