$ 494.87  520.65  4.91

«80 мың бас киіктің көзі жойылады»: министр киік атуға рұқсат беретін болды

Экология министрі алдымен ғылыми зерттеу жүргізу үшін 500 бас киік алынатынын мәлім етті.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мәжілістің бүгінгі кулуарында Серікқали Брекешовке киіктерді ату-атпау мәселесі туралы сұрақ қойылған.

    «Тың жаңалық бар. Бионегіздеме аяқталды. Ғалымдар киіктердің санын реттеу мәселесін айтып жатыр. Бұл – Орал популяциясы. Қазір ондағы киіктер саны 800 мың бас болса, онда олардың 10 пайызы реттеледі. Бұл – 80 мың бас киік», - деді ол.

“Яғни 80 мың киікті атып, саны реттеле ме?” деген сұраққа министр “иә” деді.

«Сіз экология министрісіз ғой. Киіктерді атса жаныңыз ашымай ма?» деген сұраққа министр былай деді.

    «Санын реттеудің өзі – киіктердің санын реттеп отыру. Реттеу деген сөз түсінікті. Киіктердің санының қалпы бар ғой. Ауыл шаруашылығындағы малмен бәсеке болмас үшін реттеудің маңызы бар. Батыс Қазақстанда мал жайылатын орыннан бөлек егінге де түсіп кетіп жатыр. Бұл да – біржақты мәселе», - деді Брекешов.

Экология министрі алдымен ғылыми зерттеу жүргізу үшін 500 бас киік алынатынын мәлім етті. Айтуынша, ол 1 қазаннан басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары