Бурабайда 19 жастағы астана тұрғыны таудан құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай бүгін сағат 16:47 шамасында "Туфелька" тауында болған.
"Тауға көтірлмекші болған Нұр-Сұлтан қаласының 19 жастағы тұрғыны 20 метр биіктіктен құлап кетті. Салдарынан жігіттің аяғы сынып, түрлі дене жарақатын алды. Оған құтқару бекеті басшысының міндетін атқарушы Максим Пономарев бастаған құтқарушылар – Александр Попов, Әлібек Айтжанов, Евгений Ляхов көмекке келді. Құтқарушылар зардап шеккенді зембілмен тау етегінде тұрған жедел жәрдем көлігіне жеткізді", – ведомстводан.
Осы ретте, ТЖД қызметкерлері демалушыларға таудағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.