07.07.2022, 18:00

Алматы әкімі Досаев жалақысы қанша екенін айтты

Фото: ашық дереккөз
«980 мың», - деп қысқа қайырды ол.

Алматы әкімінің жалақысы қанша екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты. 

«980 мың», - деп қысқа қайырды ол.

Досаев бұл лауазымына тағайындалған жалақы екенін және оған «барлық мемлекеттік қызметкерге сияқты сыйақы да түсетінін» жеткізді.