$ 496  588.01  6.42

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты

Ол «Үлкен Дулыға» сериясындағы турнирдің жекелей сынында финалға шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды.

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол «Үлкен Дулыға» сериясындағы турнирдің жекелей сынында финалға шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды.

Жартылай финалда WTA рейтингінде 23-орында тұрған Рыбакина 18-орындағы румыниялық Симона Халеппен кездесті.  

37 минутқа созылған бірінші сетте Рыбакина 6:3 есебімен жеңді. Бұл сетте қазақстандық теннисші бір брейк жасады. Екінші сетте де Елена 6:3 есебімен жеңді. Осылайша Рыбакина финалға шықты. 

Енді Уимблдон турнирінің финалында отандасымыз әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Онс Жабермен кездеседі. Өз кезегінде тунистік теннисші жартылай финалда Татьяна Марияны 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0