$ 442.84  480.97  5

Кеосаян Тоқаевтың бұйрығынан кейін тағы да Қазақстан туралы жазба жариялады

5 шілдеден бастап Каспий құбыр консорциумының қызметін 30 күнге тоқтату туралы шешім шығарған болатын.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұған дейін Қазақстанға қатысты жағымсыз пікірлерге жол берген ресейлік жүргізуші Тигран Кеосаян елде болып жатқан оқиғаларға тағы да пікір білдіруді жөн көрген екен, деп жазады orda.kz.

Сонымен, RT бас редакторы Маргарита Симоняның жанжалды күйеуі Telegram-дағы жазбасын жариялады.

«ҰҚШҰ-дағы одақтастың соңғы жаңалықтары. Тек өте, өте жақын одақтас…» делінген хабарламада.

Одан әрі Кеосаян Қазақстан президенті бүгін Қазақстаннан мұнай экспорттау үшін Транскаспийлік бағытын пайдалануды пысықтауды тапсырғанын жазады.

Жүргізуші қазір Қазақстан экспорттайтын мұнайдың 80%-ға жуығы, соның ішінде ең ірі Теңіз кен орны Каспий құбыр консорциумы арқылы өтетінін атап өтті.

«Транскаспий бағыты Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Қара теңіз арқылы одан әрі Еуропа елдеріне өтеді. TMTM қауымдастығына 20 компания кіреді, оның ішінде сегіз елдің темір жол әкімшіліктері, порттары, кеме қатынасы және логистикалық компаниялары бар» деп жазады.

Айта кетейік, Новороссийск қаласының Приморск аудандық соты экологиялық құқық бұзушылықты сылтауратып, 5 шілдеден бастап Каспий құбыр консорциумының (КҚК, Ресей мен Қазақстанның қатысуымен компания) қызметін 30 күнге тоқтату туралы шешім шығарған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары