$ 494.87  520.65  4.91

«Траибализм мемлекеттік басқару жүйесіне дендеп кеткен» – журналист

Ол жерге және руға бөлінуді сынға алды және осы мәселеден құтылмай бізге кез-келген мықты бағдарламаны орындау қиынға соғатынын айтады.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Белгілі журналист Базарбай Әлеуханұлы мемлекеттік қызмет әлі де жершілдік, рушылдық дертінен айырыла алмай отыр деп санайды. Оның бұл айтқанын әкімдер де растап отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы Базарбай Әлеуханұлы YouTube-тегі  «Сұрау бар» арнасына берген сұхбатында айтты. Ол трайбализм мемлекеттік басқару жүйесіне, соның ішінде өзі туып-өскен Ұлытау өңірінде кең етек жайғанын айтады.

«Ең бірінші соққы жерге бөліну, руға бөліну. Осы мәселеден құтылмай бізге кез-келген мықты бағдарламаны орындау қиынға соғады. Себебі бұның бәрі әкімдіктерден басталады. Ол жасырын емес, оны осы жерде қызмет істеген кез-келген қазақ айта алар. Ұлттық деңгейге көтеріле қоймаған жерлердің бірі осы жер», — деді журналист.

Википедия анықтамасында Ұлытау ауданында әкім болған азаматтардың тізімі руымен бірге жазылған. Онда аудан басшылығы креслосы өңірдің негізгі 3 руының арасында ғана ауысып отырғаны көрсетілген.

Оның бұл айтқанын Ұлытау ауданының әкімі Советбек Медебаев та растап отыр.

«Бөлінбейін десең де әртүрлі жерде әртүрлі рулар тұрады. Бірақ көп шоғырланған. Жездіде жылгелділер көп деген сияқты. Мысалы, 94 үй бар. Ұлытаудың өз басында наймандар да бар, арғындар да бар. Терісаққан, Шеңгел жақтақтарда көбі арғындар», — дейді әкім Советбек Медебаев.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#трайбализм