Бұған дейін өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау мартицасында Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймаққа өткені мәлім болды. Осыған байланысты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі елордада қандай шектеу шаралары енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың сөзінше, Нұр-Сұлтан қаласында SARS-Cov-2 вирусының «омикрон» және «стелс-омикрон» штамдарының жалғасуына байланысты қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті.
Бір тәулік ішінде жаңа жағдайлар саны 642-ге жетті. Осылайша, эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың жаңа матрицасы бойынша стационарға жатқызылғандардың көрсеткіші негізінде қала 21 шілдеде «сары» аймаққа өтті.
Ресми өкілдің айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясымен сырқаттану жағдайларын тіркеу ұлғайғанын және эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес орташа тәуекел аймағына («сары» аймаққа) көшкенін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитариялық дәрігері мынадай шектеу шараларын қабылдайды:
науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс түріне ауыстыру;
COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру;
адамдар көп жиналатын орындарға (сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, rонцерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, стадиондар және басқа да спорт ғимараттары және т. б.) барған кезде және қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде, сондай-ақ 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда бетперде кию ұсынылады;
10-нан астам адамның қатысуымен өтетін жиналыстарды онлайн форматқа ауыстыру ұсынылды.
"Елордалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті барлық адамдарды аса қажетсіз адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, барлық шектеу ұсыныстарын орындауға шақырады", Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Ол вакцинация мен ревакцинация инфекциядан қорғанудың жалғыз жол екенін еске салды.
"Сондықтан біз вакцинация мен ревакцинациядан өту арқылы ғана аурудың өсуіне қарсы тұра аламыз", Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.