Жаңалықтар 28.07.2022 сағат 16:20

Бауыржан Байбек қайда жүр?

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, ол Гирне қаласында демалуда.
Бауыржан Байбек қайда жүр?
Фото: ашық дереккөз

Алматының экс-әкімі, Nur Otan партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Солтүстік Кипрде жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, ол Гирне қаласында демалуда.

Еске сала кетейік, қаңтар айының соңында Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі қорытындыланды. Саяси кеңес құрамынан бірқатар саясаткерлер шығарылды, оның ішінде Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева мен бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бар.

Ақпан айының басында Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары қызметінен кетті. 

Сәуір айында әлеуметтік желіде Бауыржан Байбектің анасымен бірге кіші қажылықта жүрген суреті жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар