$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда дәрігердің қабылдауына келген 11 жастағы баланың зорланғаны белгілі болды

Балаға хирургиялық ота керек. Бұл істің егжей-тегжейлі мәліметтерін жариялай алмаймыз, бірақ сұмдық.

Бұл туралы "НеМолчиKZ" қорының басшысы Дина Таңсәрі жазды. 

Балада ауырсыну болған соң туысы дәрігерге көрсетуге алып келген екен. Дәрігер баланың бірнеше рет зорланғанын, балаға хирургиялық араласу қажет екенін айтқан.

Балаға хирургиялық ота керек. "Бұл істің егжей-тегжейлі мәліметтерін жариялай алмаймыз, бірақ сұмдық", – деді Дина Таңсәрі.

Қоғам белсендісінің пікірінше, мұндай дәрігерлердің еңбегі ел алдында елену керек. Өйткені көптеген медицина мамандары өз болашақтары мен қызметтері үшін алаңдап, зорланған балаларды қараудан бас тартады. 

"Дәрігер жарады. Ол бірден бас дәрігерге қылмыс жайлы хабар берді. Біздің қорға жазып, шара қолдануды сұрады", - деді ол.

Ведомствода аталған факті Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі ("Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша тіркелгенін хабарлады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары