$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетауда «Qnet» қаржы пирамидасының басшылары 2 айға қамалды

«Qnet» халықаралық компаниясы өнімдерінің интернет-саудасын жамылып жұмыс істеген қаржы пирамидасының басшылары тобына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Көкшетауда «Qnet» қаржы пирамидасының басшылары 2 айға қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы бойынша Қаржы мониторингі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Көкшетау қаласының аумағында «Qnet» халықаралық компаниясы өнімдерінің интернет-саудасын жамылып жұмыс істеген қаржы пирамидасының басшылары тобына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қылмыстық істі тергеу аясында күдіктілер Қылмыстық процессуалдық кодекстің 128-бабы тәртібінде ұсталып, Көкшетау қалалық ПБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сонымен бірге, Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктілерге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Өзге ақпарат Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабы тәртібінде тергеу мүддесінде жария етілмейді», - деді ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары