03.08.2022, 21:20

Елімізде қазақша және өзге тілдерді дамытуға 2 жарым миллиард теңге жұмсалмақ

фото: ашық дереккөзден
Бұл бюджеттік бағдарлама жобасында көрсетілген.

Бюджеттік бағдарлама жобасында мемлекеттік және еліміздегі этностардың тілін дамытуға 2,5 млрд теңге бөлу қажеттігі айтылған.

Мемлекеттік және еліміздегі өзге этностардың тілін дамыту жөніндегі бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы шығыстар (мың теңгемен): 2021 жылы – 380 795, 2022 жылы – 820 554, 2023 жылы – 442 318, 2024 жылы – 443 995, 2025 жылы – 446 538.

Сипаттамасында «Тіл саясаты комитетінің Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі тапсырмасын іске асыруға арналған шығыстар» деп көрсетілген. Мақсаты: «Мемлекеттік тілді және қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту».

Ал тапсырмасында «құжат айналымының жалпы көлемінде мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік көлемі 2023 жылы – 80,5%, 2024 жылы – 81%, 2025 жылы – 81,5%» деп көрсетілген.