$ 494.87  520.65  4.91

Қазақ тіліндегі ас мәзірі болмай шыққан жағдайда қалай шағым түсіруге болатыны туралы бейненұсқаулық пайда болды

Смартфон арқылы 2 минутта шағым түсіруге болады және ол шағым ешқашан аяқсыз қалмайды. Әкімдік барып тексеруге міндетті.

Белгілі PR-маман Айбар Олжаев мейрамханада немесе кафеде қазақ тіліндегі ас мәзірі болмаса, құзыретті органға телефон арқылы қалай шағым түсіруге болатыны туралы бейненұсқаулық жасап, өзінің фейсбук парақшасына жариялады, деп жазады kazislam.kz.

“Кафеде қазақша ас мәзірі жоқ па? Смартфон арқылы 2 минутта шағым түсіруге болады және ол шағым ешқашан аяқсыз қалмайды. Әкімдік барып тексеруге міндетті. Оның қадамын прокуратура бақылап отырады. Осы заңды құқығыңызды қалай іске асыруға болады? Смартфоннан видео нұсқау жаздым. Бәрі оңай және түсінікті. Видеоны сақтап алыңыз және таратыңыз”, – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары