10.08.2022, 11:00

Қостанай облысында жоғалған бүлдіршіннің құмда ойнаған ізі табылды

Фото: ашық дереккөз
Қостанай облысы Жамбыл ауылында жоғалған бес жастағы Мадина Ерланқызын іздестіру әлі жалғасып жатыр.

Түнде сағат 12-ден аса жүгері алқабынан басқа маңда үйілген құмнан ойнаған баланың ізі табылған. Бұл туралы волонтер Асылан Кенжетай интернет желісінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Тағы оқыңыз: Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қызды ерікті көріп қалған

Сонымен бірге "Дельта-С" компаниясы басшысы Сергей Хоменко кешкі уақытта әуеден іздестіру үшін мотодельтаплан ұсынды.

Тағы оқыңыз: 5 жасар Мадинаны іздеу жұмыстарында түрлі-түсті шарлар пайдаланылып жатыр

Оның кәсіпорны Қостанай облысы бойынша авиациялық-химиялық жұмыстармен айналысады. Әуеден іздестіру Тобыл өзенінің алқабы, арнасының бойымен жүзеге асырылады.

Тағы оқыңыз: «Көрші баланы ағаштан түсіріп алған»: Қостанайда жоғалған қызға қатысты тың ақпарат пайда болды

Еске саламыз, 7 тамызда үйдегі әпкелері ұйықтап жатқанда кішкентай қыз сыртқа шығып кеткен .