$ 443.85  474.3  4.8

Токио Олимпиадасының ұйымдастырушысы қамауға алынды

Оның үйінде тінту жүргізілді.

Токио прокуратурасы 2020 жылғы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің бұрынғы басшысы Харуюки Такахасиді қамауға алды. Бұл туралы Kyodo басылымы хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, 78 жастағы функционер ерлер костюмдерін сатумен айналысатын жергілікті киім өндіруші AOKI Holdings компаниясынан ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген. Нәтижесінде, компания Олимпиаданы ұйымдастырушылардан ірі демеушілік келісім-шартқа қол жеткізді.

Такахаси ойындардың демеушісі, киім өндіруші AOKI Holdings компаниясынан 50-мәртеден астам, жалпы сомасы 380 мың доллар болатын пара алған. Оның үйінде тінту жүргізілді. Компанияның бұрынғы басшысы Хиронори Аоки мен тағы екі адамның да қамауға алынғаны атап өтілді.

Такахаси Олимпиада басталар алдында қызметінен кеткен Йоширо Моридің орнына келген болатын. Мори әйелдер көп сөйлейді деген мәлімдемесінен кейін басы дауға қалып, қызметінен кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылдың жазына ауыстырылды. Осының кесірінен ұйымдастырушылар елеулі қаржылық шығынға ұшырағанын Такахаси мәлімдеген еді. Төртжылдықтың басты додасы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өткен болатын.

Дереккөз: inbusiness.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары