$ 494.87  520.65  4.91

«Арабқұл қылып шығаратынына күмәнім жоқ»: Ахметбек Нұрсила Міржақып Дулатұлы туралы фильмге қарсы шықты

Аруақтардан қорықпай, олардың ұстанымын, айтқандарын бұрмалауға қазақылықтан кеткен, салафтардың рухы жетеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила қазақтың аса көрнекті ағартушысы Міржақып Дулатов туралы фильмге қарсы шықты, деп жазады Skifnews.kz. Ол фильмге қатысты пікірімен өзінің Facebook парақшасында бөліскен.

«Ұлт ұстазы сериалын түсірерде «Ахаңның Баулу мектебі жайлы жазған білім беру мәселесінде жазған өте маңызды еңбегі жайлы айтыңыздаршы» деп жалынғанымды продюссер де, Бекболаттың шәкірті, cалаф Ұларбек Нұрғалым да құлақтарына ілмеді.

Ахаңның айтпаған сөздерін өздері қиыннан қиыстырып, жоқ қырынан көрсетіп, өз пиғылдарын іске асырды.

Енді сол түсіруші топ Міржақыпқа да ауыз салыпты. Міржақыптың да төмендегі мен жариялаған еңбектері сияқты еңбектерін «көре тұра көрмей» өздері ойдан шығарып арабқұл қылып қылып шығаратынана күмәнім жоқ.

Фильм шыққан соң көзі қарақты жандар көрер..

Аруақтардан қорықпай, олардың ұстанымын, айтқандарын бұрмалауға қазақылықтан кеткен, салафтардың рухы жетеді.

Жымысқы әрекеттер өкінішке қарай іске асып жатыр», — деп жазды Ахметбек Нұрсила.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары