22.08.2022, 10:00

Қазақ балуандары әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Ұлттық құрамаға қоланы Дінмұхамед Қошқар (67) мен Мақсат Сайлау (87) әкелді.

Софияда (Болгария) грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан үш медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Юсуф Мациев грек-рим күресінен 97 келіге дейінгі салмақта финалға еркін жетіп, соңғы белдесуде ирандық Али Рамезанали Абедидарзимен белдесіп, есе жіберді.

Ұлттық құрамаға қоланы Дінмұхамед Қошқар (67) мен Мақсат Сайлау (87) әкелді.