$ 449.58  486.94  4.86

Мәскеуде саясаткердің қызын өлтірген күдікті ҚР құжатын қайдан алғаны анықталды

Ведомства мәліметінше, қылмыскер қастандықты алдын ала жоспарлаған.

Мәскеу маңында Ресей саясаткерінің қызына қастандық жасалған жерде Қазақстандық тіркеу нөмірі бар көлік арнайы қызмет көзіне түскен еді. Енді, оның себебі толықтай анықталып отыр, деп хабарлайды Экспресс К. 

Бұған дейін Мәскеу маңында белгілі философ, саясаткер Александр Дугиннің қызына қастандық жасалған. Күдікті Дария Дугинаның көлігіне жарылғыш зат орнатып, қашықтықтан басқару арқылы жарып жіберді. Қылмыс жасалған кезде сол маңнан қазақстандық тіркеу нөмірі бар көлік көзге түскен еді.

Аталған оқиғадан кейін Ресейдің қауіпсіздік қызметі бірден тексеру жұмыстарына кірісіп, бұл қастандықты Украина азаматы жасағанын анықтады. Бірақ ол кезде күдікті Эстонияға қашып кеткені белгілі болады.

Араға біраз уақыт салып арнайы қызмет қылмыс жасалған төңіректегі қазақстандық көліктің қайдан келгенін хабарлады. Ведомства мәліметінше, қылмыскер қастандықты алдын ала жоспарлаған. Осы мақсатта, Қазақстандағы Юлия Зайко есімді келіншектің атынан жалған құжат жасаған. Сонымен қатар, Мәскеу маңындағы сарайлардың бірінде жарылғыш затты қолдан құрастырған болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары