$ 498.34  519.72  4.85

Астанада 20 жастағы жігіт мұнаралы краннан құлап мерт болды

Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты

Астанада 20 жастағы жігіт мұнаралы краннан құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қалалық департаментінен мәлім етті.

«Осы жылдың 28 тамызы күні шамамен сағат 10:15-те Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданында, Тұран даңғылы, 65 мекенжайында орналасқан Сауран құрылыс нысанында (бас мердігері «Абылай құрылыс» ЖШС) қайғылы оқиға болғаны туралы хабар түсті. Осыған орай Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті инспекторы оқиға орнына шұғыл барды. Жұмыс барысында 2002 жылы дүниеге келген оператордың мұнаралы кранның басқару кабинетінен құлағаны (7-ші қабат биіктігінен) анықталды. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты», - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі агенттік тілшісінің сауалына орай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары