Орал іргесіндегі Асан ауылы маңындағы полигонда бесінші күн қатарынан өрт сөндіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, "Жайық таза қала" серіктестігі орнында өртті сөндіру жалғасып жатыр: өрттің таралуы тоқтатылған, бірақ әлі де тұтанып жатыр.
"Біздің қызметкерлер кабель тұтанған жерді анықтады, жиналған материал кінәлілерді анықтау үшін Орал қалалық ПБ берілген", - деді БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Рашид Блялов.
"Жайық Таза Қала" ЖШС полигоны 2003 жылдан бері жұмыс істейді, оның жалпы ауданы 10 гектар. Карьердің тереңдігі алты метрден асады. Осы жылдар бойына тұрмыстық қатты қалдықтар, ағаш бұталары мен жапырақтары, сонымен қатар қыс мезгілінде қаладағы қарлар полигонға шығарылған. Өртті жою үшін бір гектар аумақтағы бүкіл ошақты топырақ қабатымен жабу керек.
"27 тамыздан бастап "Жайық таза қала" ЖШС мен БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері екі ауысымда өртті сөндіріп жатыр. Ауысымда "Жайық Таза Қала" ЖШС-нен 38 техника мен 45 жеке құрам, БҚО Төтенше жағдайлар департаментінен – бес техника мен жеке құрамның 25 адамы", - деп түсіндірді Рашид Блялов.
Спикер қазірдің өзінде 6363 тонна топырақ шашылғанын, 2054 тонна су берілгенін атап өтті.