"Лукойл" директорлар кеңесінің басшысы Равиль Маганов аурухана терезесінен құлап, салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
67 жастағы Равиль Маганов Мәскеудегі клиникалық ауруханада алтыншы қабаттағы бөлімшеде ем алып жатқан. Мұнай компаниясының топ-менеджері суицид жасады деген болжам бар.
1980 жылдары Маганов “Лангепаснефтегаз” компаниясында жұмыс істеген. Аталған компания 1991 жылы құрылған “Лукойл”-дың құрамына енген. Маганов “Лукойл” атауын ойлап тапқан адам.