Қазақстан уақыты бойынша қыркүйектің 13-інен 14-іне қараған түні Лас-Вегаста Головкин-Альварес III жекпе-жек аптасының ресми басталуы болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екі боксшы да Лас Вегастағы MGM Grand ойын-сауық кешеніндегі шараға қатысып, көз түйістірді.
Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 18 қыркүйек күні таңертең өтеді.
«Канело» бұл жекпе-жекте супер орта салмақтағы титулды қорғайды.