$ 444.32  473.33  4.76

Шығыс Қазақстанда заңсыз алкоголь шығаратын цех анықталды

Оқиға орнын қарау барысында 18 мыңға жуық бөтелке түрлі маркадағы арақ және коньяк өнімдері тәркіленді.

Қаржылық мониторинг агенттігі Шығыс Қазақстанда алкоголь өнімдерін қолдан жасаумен айналысқан цехтың жолын кесті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа хабарлайды.

«Өскемен қаласының тұрғыны алкоголь өнімдерін заңсыз түрде антисанитарлық жағдайда өндірген. Оқиға орнын қарау барысында 18 мыңға жуық бөтелке түрлі маркадағы арақ және коньяк өнімдері, 3500 астам түрлі жапсырмалары бар бос бөтелкелер, 700 литр құрамында спирті бар сұйықтық, сондай-ақ алкоголь өнімдерін құюға және жасауға арналған этикеткалар, қақпақтар және басқа да заттар тәркіленді»,- делінген агенгттік хабарламасында.

Соттың үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, сотталды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары