$ 494.87  520.65  4.91

Тәжіктер Қырғызстанның бір қаласын басып алды

Бішкекте қырғыз-тәжік шекарасындағы оқиғаға байланысты халық көшеге шықты.

Қырғызстанның Баткен қаласының аумағы оққа ұшты. Инфрақұрылым бұзылған. Тұрғындар эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғызстан шекара қызметінің хабарлауынша, Баткен әуежайының маңы мен қала шетіндегі нысандар тәжікстанның бірнеше зымырандық жүйелерінен оқ жаудырған. Бейбіт тұрғындарды эвакуациялау басталды.

Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, Қырғызстанның әскери қызметкерлері ауыр қаруды қолданып, бірнеше елді мекенге шабуыл жасаған. Шабуыл Исфара қаласының Ходжай-Ало, Куммазор, Сурх, Сомониён, Кулканд, сондай-ақ Бобожон-Гафуров ауданының Хистеварз және Овчикалача ауылдарына жасалды.

16 қыркүйек күні таңертең Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы бірнеше учаскеде атыс басталды. Екі жақтан да зардап шеккендер бар.

Бішкекте қырғыз-тәжік шекарасындағы оқиғаға байланысты халық көшеге шықты.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары