$ 487.37  532.94  5.09

Астананың төбесінен ұшып өткен беймәлім жарықтың мән-жайы белгілі болды (ВИДЕО)

Зымыран ұшу кезінде өзінен кейін осындай із қалдырған.

Әлеуметтік желі қолданушылары түнде аспаннан байқалған біртүрлі жарықтың суреттері мен видеосын жаппай бөлісіп жатыр деп хабарлады Zakon.kz.

Белгілі болғандай, ол «К.Э. Циолковский» кемесі тиелген «Союз-2.1 а» зымыраны болып шықты. Зымыран ұшу кезінде өзінен кейін осындай із қалдырған. Байқоңырдан ұшырылған зымыран Ресей мен АҚШ арасындағы ұшулар туралы келісім аясында көкке көтерілген.

Халықаралық ғарыш станциясына аттанған  экипаж құрамында ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және NASA астронавты Франциско Рубио бар.

Айта кетейік, 39 жастағы Дмитрий Петелин – Қазақстанның тумасы. Ол Қостанайда дүниеге келген. 

ХҒС-68 – ұзақмерзімді экспедиция. Жоспар бойынша экипаж ХҒС-та 188 тәулік, яғни 2023 жылдың 28 наурызына дейін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары