$ 449.58  486.94  4.86

Қанат Исламның келесі жекпе-жектегі қарсыласы ауысты

38 жастағы Қанатпен өзінің құрдасы, аргентиналық боксшы Хавьер Франсиско Монтиэль (34-17, 23 КО) жұдырықтасады.
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Исламның 7 қазан күні Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида штаты) өтетін кезекті жекпе-жегіндегі қарсыласы ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақтың» қарсыласы Доминикан Республикасының өкілі, 32 жастағы Эдвард Уллоа Диас (13-3, 10 КО) болады деп жоспарланған еді. Енді BoxRec.com көрсеткендей, 38 жастағы Қанатпен өзінің құрдасы, аргентиналық боксшы Хавьер Франсиско Монтиэль (34-17, 23 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

Қанат Ислам үшін бұл – биыл өткізетін екінші жекпе-жек болмақ. Алдыңғы кездесуінде ол Джимми Келлимен (26-3, 10 КО) бос тұрған WBO Global титулы үшін жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешіммен жеңіліп қалды. Бұл – Қанаттың мансабындағы алғашқы жеңіліс болды.

Монтиэльге келсек, 19 тамызда ол өз елінде отандасы Марсело Эстебан Косереске (31-5-1, 17 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіліп қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары