$ 494.87  520.65  4.91

Елена Рыбакина Чехияда әлемнің 17-ракеткасын жеңді

Екі сағат 15 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен көзге түсті.
Фото: ktf.kz
Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Острава (Чехия) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 17-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен өткізді.

Биыл АҚШ-тағы Цинциннати жарысында М. Киз Еленаны 6:2, 6:4 есебімен ұтқан болатын.

Бұл жолы бірінші партияда америкалық спортшы басымдылық танытты - 7:5.

Есесіне екінші сетте Е. Рыбакина ойын тізгінін өз қолына алды - 6:3.

Содан кейін үшінші, шешуші партияда да Кизді тығырыққа тірей білді - 6:3.

Екі сағат 15 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен көзге түсті.

Е. Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 16-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенко немесе рейтингіде 31-сатыдағы Беларусь өкілі Александра Сасновичтің біреуімен таласады.

Жүлде қоры 611 210 еуроға бағаланған жарыс 9 қазанда мәреге жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары