$ 494.87  520.65  4.91

«Болашақ дипломаттар»: Ақтауда Қасым және Жомарт есімді егіздер тұрады

Егіздер ес білген сәттен бастап есімнің салмағын сезінеді. Қазір зор жауапкершілікпен атына заты сай болуды мақсат етіп, өсіп келе жатыр.

Қасым мен Жомарт үйдің үлкендері. Одан кейін Іңкәр мен Кәусар есімді қарындастары өсіп келеді. Қасым 3 келі 200 гр , ал Жомарт 2 келі 800 гр салмақпен туған.

Кішкентайларынан зерек, қағілез болып өсіп келеді. Ақтаудағы №11 мамандандырылған физика-математикалық лицейінің 8-сыныбында оқиды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Одан бөлек математиканы жақсы көреді. Екеуі де сандарды қосып-алуға жүйрік. Тіл байлығын арттырып, даналықпен сөйлеу үшін көркем әдебиетті, жаңалықтар мен тарихты оқиды.

Бос уақытында бокспен айналысады. Екеуі де болашақта дипломат болғысы келеді және аттасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді армандайды.

Егіздер ес білген сәттен бастап есімнің салмағын сезінеді. Қазір зор жауапкершілікпен атына заты сай болуды мақсат етіп, өсіп келе жатыр.

 

“Балалар әрдайым ізденісте жүреді. Түрлі білім жарыстарына, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Мінездері де өте байсалды, коммуникативті, бойында дипломаттың қасиеттері бар. Үлгі тұтқан адамы Қасым-Жомарт Тоқаев теледидардан сөйлегенде әр сөзіне мән беріп тыңдауға тырысады. Көп тіл білу мақсатында қосымша үйірмелерге қатысып, ағылшын тілін жетік меңгеріп жүр. Алдағы уақытта француз, қытай тілдерін үйренгілері келеді", - дейді егіздердің әкесі Ерлан Мәуленов.

​Қасым-Жомарт есімі өңірде 2019 жылдан бері жиі қойыла бастады.  

Дереккөз: inbusiness.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары