$ 443.35  475.54  4.82

Қазақстан қол күресінен Әлем чемпионатында бірінші орын алды

54 елден 1700 спортшы қатысқан жарыста Қазақстанның намысын 200 спортшы қорғады.
Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Түркияның Анталия қаласында армрестлингтен ересектер, жастар және ардагерлер арасында өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қол күресінен ҚР спортшылары барлығы 68 алтын, 66 күміс және 36 қола медаль жеңіп алды.

54 елден 1700 спортшы қатысқан жарыста Қазақстанның намысын 200 спортшы қорғады.

Командалық есепте Түркия мен Болгария құрамалары да үздік үштікке енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары