$ 442.05  474.14  4.74

Солтүстік Корея Жапон теңізіне зымыран ұшырды

Басылым мәліметінше, бұл туралы Оңтүстік Кореяның әскерилері мәлімдеген.

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай екі баллистикалық зымыран ұшырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, бұл туралы Оңтүстік Кореяның әскерилері мәлімдеген. Ұшыру Пхеньян мен Сеул әскерилері арасындағы шиеленістің күшеюіне байланысты батыс жағалауда ескерту оқтары алмасқаннан төрт күн өткен соң жасалды.

"Біз 1159 (0259 GMT) және 1218 аралығында Гангвондағы Дунчхон ауданынан ұшырылған екі баллистикалық зымыранды анықтадық. Біздің әскерилер бақылау мен қадағалауды күшейтті және Америка Құрама Штаттарымен байланысты жақсартып жатыр", - делінген хабарламада.

АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхитындағы қолбасшылығы зымыран АҚШ пен оның одақтастарына бірден қауіп төндірмейтінін, бірақ Пхеньянның заңсыз ядролық қаруы мен баллистикалық зымырандарының тұрақсыздығына назар аударды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары