28.10.2022, 15:40

Елімізде YouTube жұмысынан ақау шықты

Қазақстандық байланыс операторлары нашар интернет үшін шамамен 271 миллион теңге төледі.

Қазақстандықтар 28 қазан күні таңертең YouTube видеохостингінің істен шыққанына шағымданған. Кейбір қолданушылардың айтуынша, хостингтің мобильді қосымшасы мен веб-нұсқасы жұмыс істемеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар қазақстандықтар Instagram желісінің кейінгі үш күнде тұрақты істеп тұрмағанын айтып жатыр. Аккаунтқа кіру қиындаған. Оның үстіне код жазылған SMS-тер де кешіккен.

Бұған дейін қазақстандықтар интернет пен байланыстағы ақауларға шағымданған еді. Әсіресе қыркүйек айында Қазақстанда үлкен ақаулар тіркелді. Tele2, Kcell және Beeline Қазақстан интернеттегі үзілістерге қатысты пікір білдірді.

Қазақстандық байланыс операторлары нашар интернет үшін шамамен 271 миллион теңге төледі. Бұл туралы 26 қазанда мәжіліс алаңында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі мәлімдеді.