$ 443.85  474.3  4.8

Шымкентте қыз пәктігі саудасымен айналысатын "жеңгетай" ұсталды

Шымкентте жасы кәмелетке толмаған қыздың пәктігін сатпақ болған келіншек 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Baq.kz.

Ол жеткіншектің абыройын 200 мың теңгеге бағалапты. Тергеушілердің мәліметінше, 26 жастағы айыпталушы Шымкенттің 17 жасар тұрғынын жыныстық жолмен ақша табуға үгіттеген. Жеңгетай оқушы қызға елу мың теңге уәде етіпті.

Клиент пен жасөспірімнің кездесуі алдында қыздың пәк екенін дәрігер тексеріп беріпті. Содан кейін «тірі тауар» үшін ақша алмақ болған кезінде жеңгетай қолға түсті. Айта кету керек, клиент полиция қызметкерлерінің арнайы адам болып шықты.

Жеңгетайдың соты жабық режимде өтті. ОҚО жасы кәмелетке толмағандар жөніндегі арнайы сотының төрағасы Серікбай Төлепбергеновтың айтуынша, айыпталушы келіншек тағы бір жас қызды жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Бұл үшін 20 мың теңге уәде етіпті.

Сонымен, соттың шешімімен жеңгетай бес жылға түрмеге қамалды. Ол өзінің жазасын жалпы режимдегі абақтыда өтейтін болады. Айта кету керек, сотталған азаматшаның 1,5 жасар баласы бар. Сәби арнайы орталыққа тапсырылатын болады. Бұған қоса жасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияның жұмысы жазадан тыс қалмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары