Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 5 қараша күні таңғы сағат 6-да тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 683 шақырым жерде, Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.3. MPV тербелісі – 4,9. Тереңдігі – 15 км.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.