$ 444.14  477.05  4.85

Алматыда екі автобус соқтығысып, 1 адам көз жұмды

Жан түршігерлік жол апаты Төле би - Абылай хан көшелерінің қиылысында болған. 15 адам жарақат алды.

Алматыда екі автобустың соқтығысуынан 1 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Төле би - Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты.

«Алматы қалалық Полиция департаменті 98 және 201-ші бағыттағы екі қоғамдық көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, алдын ала мәлімет бойынша 15 адам жарақат алғанын хабарлайды.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды», - делінген полиция мәліметінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары