$ 486.65  524.46  5.05

«Артынан келіп, тұншықтырған»: Астанада даяшы дәмхана қонағын тонап кетті

Даяшы дәмхана қонағының білегін мойнына орап, тұншықтырған. Кейін ер адамның қолындағы барсеткасын жұлып қашқан.

Астанада дәмханадан шыққан адамды даяшы тонап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астананың 60 жастағы тұрғыны әлдекім өзіне шабуыл жасалып, 690 мың теңгесін ұрлап кеткенін айтып, полиция көмегіне жүгінді.

Кешке қарай ер адам Құдайбердіұлы көшесіндегі шағын дәмханаға кіріп, тамақтанған. Қызмет көрсетуші даяшы ер адамның қол сөмкесінде көп ақша барын байқап қалған.

Ер адам дәмханадан шыққанда даяшы оның артынан ілесе шыққан. Сөйтіп құрбанының артынан келіп, білегін мойнына орап, тұншықтыра бастайды. Содан кейін ер адамның қолындағы барсеткасын жұлып алып, қаша жөнеледі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қарақшы Қарағандыда ұсталды. Ол Өзбекстан Республикасының 28 жастағы азаматы болып шықты, ол өз кінәсін мойындады.

"Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Ұсталған адамның Астана аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріледі. Күдікті ұстау изольяторына қамалды", деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары