Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Дариға Шәкімова қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Рио олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы Д.Шәкімова 70 келіге дейінгі салмақта тайбэйлік Чень Ньень Чиньмен шеберлік байқасты.
Бірінші раундта Дариға басымдылық танытты. Төрешілердің есебінше, екіншісінде тайбэйлік спортшы есе қайырды. Ақыры жеңіс тайбэйлік боксшыға бұйырды – 4:1.
Осылайша, Дариға Шәкімова Азия чемпионатынан қола жүлдемен қайтатын болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында бүгін тоғыз қазақстандық боксшының финалға шығу үшін таласатынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Назым Қызайбай Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Жайна Шекербекова Азия чемпионатының финалына шықты.
Мәдина Нұршаева Азия чемпионатында «қоланы» қанағат тұтты.
Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір «қола» түсті.
Алуа Балқыбекова Азия чемпионатының финалына шықты.
Гүлсая Ержан Азия чемпионатының финалына жолдама алды.
Жазира Орақбаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Карина Ибрагимова әлем чемпионын ұтып, финалға шықты.