Семей қаласында көше ортасында автобус толықтай жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 18 қараша күні түскі уақытта болған.
Сағат 14.56-да құтқарушыларға Әуезов даңғылында автобустың жанып жатқаны туралы хабар түскен. Сол жерге бірден өрт сөндірушілер аттанды.
«Белгілі болғандай, бұл автобус «Восток Бройлер» компаниясы тиесілі. Құтқарушылар келіп жеткенше ол толықтай жанып кеткен. Жүргізушінің айтуынша, іште отырған 3 адам өз бетімен сыртқа шығып үлгерді. Оқыс оқиға салдарынан зардап шеккен ешкім жоқ», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, өрт сағат 15.19-да ауыздықталды.