23.11.2022, 10:40

Алматы көшелерін су басты

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша түнде қалада жаңбыр, тауда қар жауды, Шымбұлақта 20 см-ге қар түсті.

Алматыда 22 қарашадан 23 қарашаға қараған түні қатты жауын-шашын болып, қаланың проблемалық учаскелеріндегі арықтар суға толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша түнде қалада жаңбыр, тауда қар жауды, Шымбұлақта 20 см-ге қар түсті.

«Қала бойынша барлығы 52 бірлік техника, 27 мотопомп, 2390 дана ыдыс-қап және 104 жұмысшы жұмылдырылды. ТЖД желісі бойынша су басу шағымы тіркелген жоқ. Алайда проблемалық учаскелерде әсіресе, Райымбек батыр көшесінен төмен аудандарда арықтардың суға толып кету фактісі болды. Әрбір факт ескеріліп, суды бұру сияқты жедел шаралар қабылданды»,- деп хабарлады әкімдіктен. Еске салайық, Қазгидромет 23 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, шығыста - қар жауатынын хабарлаған болатын.