Жаңалықтар 23.11.2022 сағат 11:20

Айдос Ербосынұлы комадан кейін алғаш рет байланысқа шықты

Өткен аптада отадан соң қарқынды терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды.
Айдос Ербосынұлы комадан кейін алғаш рет байланысқа шықты

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққан соң алғаш рет байланысқа шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Спортшының Instagram Stories-нде балаларының суреттері жарияланды.

Еске салайық, Айдос Ербосынұлы 6 қарашада WBA Regular атағы үшін жекпе-жекде кубалық Дэвид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Жекпе-жектен кейін спортшы ауыр халде ауруханаға жатқызылып, жасанды комаға түсті. Өткен аптада отадан соң қарқынды терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды.

 

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар