$ 494.87  520.65  4.91

Тараз қаласы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы шенеуніктері қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр

Кінәлілердің әрекетіне түпкілікті бағаны сот береді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Тараз қалалық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы лауазымды тұлғаларынан қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылы жер комиссиясының шешімімен қала тұрғыны шаруашылық жүргізуге арналған жер телімін жалпы аумағы 3,56 га болатын, ғимарат салуға арналған 2 жер теліміне ауыстырып алғанын анықтады. 

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, салдарынан мемлекет 159 млн теңге көлемінде шығынға ұшырады.

"Тергеу барысында жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы мен бөлімнің бұрынғы сектор меңгерушісі қамауға алынып, тергеу соты бұрынғы сектор меңгерушісін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Кінәлілердің әрекетіне түпкілікті бағаны сот береді", - деді cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тараз