$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің кей қалаларында кәріз жүйесі 70 жылдан бері жаңартылмаған

Еліміздің кей қалаларында кәріз жүйесінің тозу деңгейі 90%-дан асқан.

Кәріздік-тазарту құрылысының жоспарлау және қаржыландыру жұмысы кешігіп жатыр. Бүгінде еліміздегі кәріздік-тазарту құрылыстарының тозу деңгейі 60%-дан асып кеткен. Ал кейбір қалаларда тіпті 90%-дан асады. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайлов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Үкімет басшысы әсіресе Көкшетау, Семей, Қонаев, Арқалық қалаларындағы жағдайдың нашар екеніне баса назар аударды. Ал ірі қалаларда кәріздік жүйелер өткен ғасырдың 50-70-ші жылдарында салынған. Сондай-ақ сарқынды сулардың көлемі де жыл сайын көбейіп келеді. Оларды тазарту жұмыстары жыл сайын қиынға соғуда.

«Резервуарлар шамадан тыс толып кетіп, лас суларды өзен-көлдерге ағызуға мәжбүр болған жағдайлар да бар. Сондықтан, бұл мәселенің маңызы өте зор. Халықтың қалыпты тұрмысына ғана емес, экологияға әсері де аса маңызды. Әрбір жобаны іске асыруды қатаң бақылауда ұстау қажет», - деді Әлихан Смайылов.

Аталған мәселеге қатысты Премьер-министр Индустрия министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, 1 ай мерзімде әрбір жобаны іске асыру кестесін бекітуді және олардың орындалу барысы туралы Үкіметке тоқсан сайын хабарлап тұруды тапсырды.

«Өңір әкімдері кәріздік-тазарту құрылыстарының жобаларын уақытылы іске асыру үшін қажетті техникалық құжаттамаларды жедел әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етсін. Өңірлер   халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмысты жандандыруы қажет. Кәріздік-тазарту құрылыстарының қалдықтарын қайта өңдеу мәселесіне назар аударғым келеді. Дамыған елдерде   қалдықтардан электр энергиясын, биогазды және тыңайтқыштарды алу технологиялары көптен қолданылып келеді. Бізде де оң тәжірибе бар – Шымкентте қалдықтар электр энергиясын өндіру үшін қайта өңделеді. Осындай тәсілдерді кеңінен тарату керек», - деді Прeмьер-министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары