$ 494.87  520.65  4.91

Адвокат Мәсімовтің соты туралы айтты

Отырыс қорытындысы бойынша судья қылмыстық істі прокурорға қайтаруға қаулы шығарған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Адвокат Дмитрий Куряченко Павлодар облысының бұрынғы полиция бастығы Нұрлан Мәсімовтің соты туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Нұрлан Мәсімов аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Бұрынғы полицейге қатысты қаралатын істің баптары бойынша мына санкциялар көзделеді: мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырып, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Сотта Мәсімовтің қорғаушысы істі тоқтату туралы, істі прокурорға қайтару туралы, бұлтартпау шарасын кепілге немесе үйқамаққа өзгерту туралы бірнеше өтінішхат берді. Отырыс қорытындысы бойынша судья қылмыстық істі прокурорға қайтаруға қаулы шығарған.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Нұрлан Мәсімов пен оның орынбасары Дамир Сиразидимовтың ісі прокурорға қайтарылғанын растады.

"Іс бойынша үш сотталушы бар. Мәсімов өз ісін алқабилер қарауына келісті", - деді адвокат Дмитрий Куряченко.

Нұрлан Мәсімовтің үш адвокаты бар. Оның жұбайы сотта қоғамдық қорғаушы ретінде қатысады. Куряченконың айтуынша, сот Мәсімовтің бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішті қабылдамай, оны қамауда қалдырған.

Еске салайық, 2022 жылғы қаңтарда Нұрлан Мәсімов Павлодар облысының полиция бастығы қызметінен босатылды. Ол департаментті 2019 жылғы қарашадан бастап басқарды.

Былтыр сәуірде Нұрлан Мәсімовтің іздеуде екені белгілі болды. Кейінірек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оның орналасқан жері туралы ақпарат үшін сыйақы жариялады. Шілдеде Мәсімов Ресеймен шекарада жалған құжаттармен ұсталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары