$ 494.87  520.65  4.91

«Көлік тізгінінде отырып бір қолмен бет сипаған дұрыс па?» - Имам жауап берді

Бастысы жүрекпен іштей дұға ет, болды.

Халық арасында жақсы таныс Нұрлан имам Байжігітұлы оқырмандарының тағы бір сұрағына жауап берді. Яғни әлеуметтік желі қолданушысы "көлік тізгінінде отырғанда мола жанынан өтсеңіз бір қолмен "әумин" деп бет сипай салған дұрыс па?" деген сауал қойған, деп хабарлайды Экспресс К. 

Имамның жауабы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада Нұрлан имам оқырмандарының көлік тізгінінде бет сипай салуына қатысты ойын айтты.

"Бір көлік сағатына 160 шақырымдық жылдамдықпен жүйткіп келеді. Қабірге жақындағанда екі қолын тізгіннен жіберіп, басын зиратқа бұрып "әумин" деді. Мен "айналайын, қазір көліктегі төртеумізді солардың қасына қосып қоясың, тізгінді ешқашан жіберме" деп айттым. Жүрекпен дұға қылсаң жетеді. Ол жаққа қарамай-ақ қойсаң да болады. Бастысы жүрекпен іштей дұға ет, болды", — дейді имам жауабында.
Желі қолданушылары бұл жауапқа түрлі пікір жазуда. Басым бөлігі имамның сөзіне қосылатынына тоқталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары