$ 498.34  519.72  4.85

Ақтауда жарылыс болды

Екі адам жансақтау бөліміне түсті.

Ақтау қаласының маңында жанармай құйылған цистерна жарылып, екі адам жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Stan.kz.

Мұнайлы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Жайнат Әуесбаевтың айтуынша, 7 қаңтар күні сағат 21.00 шамасында Дәулет ауылында орналасқан "BBJ GROUP" ЖШС көлік компаниясының базасында жанар-жағармай тиелген вагон цистерна жарылған. Осыдан кейін ол өртеніп кеткен.

Салдарынан екі адам зардап шекті. Түрлі дене жарақаттарымен олар шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізілген.

"Өрт толығымен сөндірілді. Себептері анықталып жатыр", - деді төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.

Облыстық көпсалалы аурухананың мәліметінше, жарақат алған екі ер адам жарылыс орнынан медициналық мекемеге жеткізілді, екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр.

"Олардың жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 1989 жылы туған жәбірленуші басы, беті және мойынының термиялық күйігін алған, екі қолының 15% күйген. Екінші зардап шегуші 1981 жылы туылған бас сүйек-ми жарақаты, оң жақ мықын, оң иық сүйектерінің үшінші дәрежелі термиялық күйіктері бар", - деп мәлімдеді аурухананың баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары