$ 483.23  534.74  5.12

«Газ жарылысы расталмады»: Қарағандыда көпқабатты үйдегі төтенше жағдайға қатысты жаңа дерек шықты

Өрттің шығу себебі анықталуда.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

ТЖМ Қарағандыдағы көпқабатты үйдегі апатқа қатысты жаңа деректі бөлісті. Ведомствоның мәліметінше, үйде газ жарылысы болмаған, деп хабарлайды ТЖМ ресми сайтында.

ТЖМ мәліметінше, 10 қаңтар күні сағат 21:29-да Қарағанды ​​қаласында Республика даңғылы, 18/2 бойында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Анықталғандай 16 қабатты бір кіреберісті 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-ші қабатындағы пәтерде жалпы алаңы 30 шаршы метр аумақта өрт шыққан.

ТЖД күштерімен 48 адам (оның ішінде 9 бала) кіреберістегі пәтерлерден құтқару қалпақтарының көмегімен, сондай-ақ тағы 82 адам (оның ішінде 21 бала) қауіпсіз жерге шығарылған. Өрт сағат 22:55-те оқшауланған.

Барлау кезінде үш адамның (екі ер адам мен бір әйел адам болуы мүмкін) денесі табылған. 1979 жылы туған ер адам жанып жатқан пәтерден құлап, медициналық мекемеге жатқызылған.

Сонымен қатар ТЖМ бастапқыда хабарланғандай көпқабатты тұрғын үйде газ жарылысы расталмағанын мәлімдеді. Ведомство оқиға орнында газ құрылғылары табылмағанын, ешқандай қираулар немесе құрылымдық бұзылулар да болмағанын атап өтті.

"Жылу жүйелері бұзылмаған. Өрттің шығу себебі анықталуда", - дейді ведомство өкілдері.

Төтенше жағдай болған жерде ТЖМ 88 адамы мен 23 бірлік техникасы жұмыс істеген. Ал эвакуацияланған тұрғындар туыстарына және қаладағы қонақүйлерге орналастырылған. Бұдан бөлек ТЖМ тұрғындарды пәтерге қайтару мәселесі шешіліп жатқанын жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары