$ 479.05  534.57  5.17

Головкиннің келесі қарсыластары белгілі болды

IBF рейтингінде екінші орында тұрған, WBA Oceania құрлықаралық белбеуінің иесі.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) Халықаралық бокс федерациясы (IBF) 14 ақпанға дейін уақыт берді. Ол осы уақыт аралығында жекпе-жек өткізуі тиіс. Әйтпесе, GGG чемпиондық белбеуінен айырылады. Маңызды айқас алдында отандасымызға қарсылас болуы мүмкін боксшылар белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

IBF рейтингінде екінші орында тұрған, WBA Oceania құрлықаралық белбеуінің иесі, аустралиялық Майкл Зерафа (30-4, 19 КО) қазақстандық боксшымен шаршы алаңда кездесуге дайын екенін жеткізді.

Ол GGG-дың алдында үш таңдау тұрғанын айтты. Біріншісі, WBA тұрақты чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен кездесу. Екіншісі, Фалькаомен IBF титулын қорғау. Үшінші әрі ең тиімді нұсқа – Зерафамен WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары