$ 443.44  480.51  4.88

Қостанайда бес қабатты тұрғын үй өртенді

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Uysmedia.kz.

Департамент мәліметінше, 12 қаңтар күні сағат 10:20-да кезекші пультіне өрт туралы хабар келіп түсті. Оқиға қаладағы Текстильщиков көшесіндегі тұрғын үйде болған.

"Қаланың өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде бірінші қабаттағы пәтерден түтін шықты. 20 шаршы метр аумақтағы бөлмелердің бірінде жиһаз, үй заттары жанып жатты. Түтін үйдің барлық қабатына тез тарады. ТЖД күшімен баспалдақ маршымен 51 адам эвакуацияланды, оның ішінде 8-і бала. Құтқарушылар жоғарғы қабаттардың тұрғындарын эвакуациялау үшін баспалдақты пайдаланды. Уақытты жоғалтпау үшін өрт сөндірушілер бір мезетте арнайы баспалдақпен балкон арқылы тұрғын үйге кіріп, 12 адамды, оның ішінде 8 баланы  құтқарды", - делінген хабарламада.

Өрт сағат 11:05-те ауыздықталды, ал сағат 11:11-де толығымен жойылды. 

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бүгінгі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары