$ 481.84  531.33  5.07

«Тақырыпты жабайық»: Сенат төрағасы қайтыс болған әріптесі жайлы

«Диагноз екі рет өзгертілді, бұл күмәнді емес пе? Сенат ішкі тергеу жүргізе ме?» деп сұрады БАҚ өкілдері.
Фото: Ulysmedia.kz
Фото: Ulysmedia.kz

Сенат кулуарында журналистер Мәулен Әшімбаевқа көз жұмған сенатор Гүлмира Кәрімова жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Диагноз екі рет өзгертілді, бұл күмәнді емес пе? Сенат ішкі тергеу жүргізе ме?» деп сұрады БАҚ өкілдері.

«Мұнда Сенат тергеу жүргізе алмайды және жүргізбейді. Жалпы, бұл заңға сәйкес келмейді. Менің ойымша, бұл жағдайға қатысты (қайтыс болған депутаттың – автор) туыстары мен дәрігерлері жағдайды (өлімнің себебін – автор) өздері анықтаған шығар. (Өлімнің – автор) себебі айтылған болатын. Сондықтан мен бұл мәселені талқылауға болатын себепті көріп тұрған жоқпын.
 
Бұл жағдайда біз (қайтыс болған депутаттың – автор) туыстары мен балаларының жағдайын ойлауымыз керек. Мен мұнда дәрігерлер тиісті қорытындыны шығарды деп ойлаймын. Бізде оған күмәндануға негіз жоқ. Құрметті әріптестер, бұл тақырыпты жабайық. Адамгершілік жағынан осылай дұрыс болады», - деп түйді Әшімбаев.

Еске салсақ, Сенаттың жаңадан сайланған депутаты Гүлмира Кәрімова 45 жасында кенеттен қайтыс болды.

Сенатордың өліміне қатысты сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша анафилактикалық шок диагнозы расталмаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары