07.02.2023, 18:20

Екі ресейлік Петропавл тұрғындарын діни сектаға тартқан

Фото: Stan.kz
Құзырлы органдар оларды Я.Гашека көшесіндегі жалдамалы пәтерде ұстады.

Ресей Федерациясының екі азаматы Петропавл қаласының тұрғындарын діни сектаға тартқан деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлердің мәліметінше 42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел Қазақстанда тіркелмеген діни ұйымның жақтастары болып шыққан. 2022 жылдан бастап олар Солтүстік Қазақстан облысына мерзімді түрде келіп, Петропавл тұрғындарын өз сектасына тартқан.

Құзырлы органдар оларды Я.Гашека көшесіндегі жалдамалы пәтерде ұстады.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабы "Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу, сол сияқты тіркелмеген ұйымдарға басшылық ету, олардың қызметіне қатысу" бойынша хаттама толтырылды. 

"Баптың санкцияларына сәйкес, 50 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Тәртіп бұзушылар насихттаған ұйым Ресей Федерациясында тоталитарлық секта ретінде танылып, қызметіне тыйым салынған. Қазіргі уақытта құқық бұзушылардың заңсыз әрекеттері бойынша тексерістер жүргізілуде", - деді СҚО полиция департаменті басшысының орынбасары Руслан Назаров.